Суға шағар ауылдастың көп мұңы

(0 Votes)

Қара лайдан иісі шығып «дустінің»...

Су таза емес, деп жұртымыз өкпелі,

Үзілді арна, көп әр жерде өткелі.

«Таза ауыз су» - миллиардтар жұтсаң да,

Өңештерден тап-тазу су өтпеді.

 

Түзелмеуде тақсаң дағы қанша айып,

Арна сасып, тасқа тиген маңдайың.

«Таза ауыз су» ғимараты әр жерде,

Мұнарасы сәндікке тұр қаңқайып.

 

Қара былық келген суың өңешпен,

Жұртың айтар қарғыс сөзін көп өктем.

Өлі өзектен тартылады тікелей,

Тазармайды, ақша босқа төлеткен.

 

Жылдар бойы келгендер көп шапқылап,

Қаржы бөлсе, жаратуға тапқыр-ақ.

Таза суды бере алмады ақыры,

Миллиардтар шығын етіп «Ақ бұлақ».

 

Мұның дағы нәтижесі ақсап тұр,

Құрдым кетті таза суы бастапқы.

Кранды ашсаң қолқа қапқан сасыққа,

Көнбіс ел-жұрт қандай амал таппақшы?

 

Біздің елде бір дұрыс іс бола ма?

Алған шара мисыздарға қона ма?

Арна түбі қазылғанмен тереңдеп,

Сене алмайсың, қайтып суға тола ма?

 

Сылтау да көп, дейтін алай-былай да,

Сыбайласта таусылған ба, мың айла.

Сергелдеңге сенім түскен заманда,

Сенбейді жұрт, тек сенеді құдайға.

 

Суға шағар ауылдастың көп мұңы,

Намысыңды қайрайды әбден өткірі.

Ішкізбейді өңешпенен келген су,

Қара лайдан иісі шығып «дустінің».

 

Елбасының бұл еңбегі бағалы,

«Таза ауыз су» береміз деді сапалы.

Ғимараттар бере алмай тұр әзірге,

Төбе сайын сапсиюмен сақалы.

Таңатар Дәрелұлы, «Серпердің» ұзақ жылдарғы

бас  редакторы, жазушы,

ҚР-ның Құрметті  журналисі.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521