Студенттердің қосымша табыс табумен айналысуы дұрыс па?

(0 Votes)

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (www.kaznu.kz) химия және химиялық технология факультеті физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасында «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы студенттерімен «Студенттердің қосымша табыс табумен айналысуы дұрыс па?» атты пікірталас түрінде кураторлық сағат өтті.

Бұл қазіргі күннің шешімі қиын тақырыптарына айналғандай. Әсіресе, оқытушылар үшін. Студенттердің сабақққа толыққанды дайындалмауы, сабақ уақытында ұйқысырап отыруы, толық қатыспай сұранып кетуі... т.б.сияқты мәселелердің соңы қиындыққа әкелуде.

Әрине, «таяқтың екі ұшы бар» демекші, нарық заманындағы баға мәселесі студенттерді де еріксіз осы қадамға итермелеуде. Десек те, уақытша табысқа алданбай өзінің болашақ мамандығын сапалы игеруге тырысса, мемлекетімізде білімі жоғары, өз ісінің нағыз мамандары көбейер ма еді?! Сіз қалай ойлайсыз?

Е.Үсіпбекова,

физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының аға оқытушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT