Стритболдан ерлер және әйелдер арасында аудандық жарыс өтті.
Ұлық мейрамға орай өткізілген сайысқа Бірлік, Дыңғызыл, Еңбекші, Орлы, Құрманғазы, Байда ауылдық округтерінен 80-ге жуық команда қатысты. Ойын нәтижесінде, ерлер арасынан І орынды Құрманғазы, ІІ орынды Орлы, ІІІ орынды Дыңғызыл ауылдық округінің командасы иемденді. Ал, әйелдер арасында І орын Бірлік, ІІ орын Дыңғызыл ауылдық округінің командасына бұйырды.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімнің атынан медаль тағылып, кубокпен, дипломмен марапатталды.
Жайдарлым Қайреден