Ұстаздық қызмет-ұлы құрмет!

(0 Votes)

Тарихы бір ғасырды жырлайтын, тамырын тереңге жайған Панфилов атындағы жалпы орта мектебінің ардагер ұстазы Шатенова Рыздық Сахыпқалиқызы.

Шатенова Рыздық Сахыпқалиқызы 1957 жылы 28 қыркүйекте Гурьев облысы, Теңіз ауданы Нұржау советіне қарасты Жамбыл колхозында дүниеге келді.

1964 жылы Панфилов сегізжылдық мектебінің 1-сыныбына оқуға келіп, 1974 жылы Нұржаудағы Ленин атындағы орта мектебін (қазіргі Нұржау мектебі) бітірді. Бір жыл «Пут к коммунизму» колхозында егінші болып қызмет атқарды.

1975-1980 жылдар Гурьев педагогикалық институтында оқып, «Бастауыш мектеп педагогикасы мен методикасы»факультетін бітірді. 1980-1982 жылдары Панфилов мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс жасады.

1982-2000 жылдар Ленин атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болды.

1993жылы екінші жоғары білім алып,Атырау университетін (қазақ тілі мен әдебиеті) бітірді.

2000 жылы Панфилов атындағы жалпы орта мектебіне директор қызметіне тағайындалды. 2010 жылға дейін басшылық қызметте болды. 2015 жылы зейнетке шықты.

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, тәлім-тәрбие, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Панфилов атындағы жалпы орта мектебінің педагогикалық ұжымы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT