Ұстаздық жолы – дара жол

(0 Votes)

Ұстазға құрмет  – білімге құрмет.   Мәселен, Ескендір Зұлқарнайын өз ұстазын «Мен ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін. Әкемнен өмірді алсам, Аристотельден сол өмірге керектінің бәрін алдым» деп еске алған екен. Сондықтан да, ұстазға  құрмет – адамзатқа міндет.

Ұстаз тұлғасы шын мәнінде, адамзат өркениетінде ерекше рөл атқарып келген  және атқарады да. Ғылым әлемі сол кездің өзінде-ақ,  Әбу Насыр әл-Фарабидің талантын, еңбегін  жоғары бағалап, оны ежелгі дәуірдің әйгілі ойшылы Аристотельден кейінгі «Шығыстың екінші ұстаз» деп атады. Осыдан ұстаз мамандығының ең қастерлі екендігіне, ықылым заманнан бері ұстаздықтың шоқтығы биік  тұрғандығына көз жеткізуге болады.

Бүгінгі ұстаз  шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны қатаң  бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Күтімі жақсы ағаштан жақсы өнім алуға болатыны сияқты, мұғалім тарапынан жүйелі берілген білім өз кезегінде оң нәтижесін бермек.           

Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі -қазіргі ұстаздардың қолында. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы-жас ұрпақ тәлім - тәрбиесіне де аса көңіл бөлінуде.  Осы ретте аудан  ұстаздарының ұстаздық жолдағы  мәртебелі  ісі  толымды табыстар мен шәкірттерінің жеңісті нәтижесімен ерекшеленіп,  әр жыл сайын  айрықша аталып келеді. Бұл -  ауданның білім беру ұйымдары ұстаздары мен басшылық қызметтегі ұстаздарымыздың тынымсыз, үздіксіз жүргізіп келетін шығармашылық жолының ерекшелігі.

Кейінгі жылдары ұстаздардың  қоғамдағы орнын айқындау мен беделін көтеруде мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар, «Педагог мәртебесі туралы»  Заң қабылданғаннан кейін  мұғалімге деген көзқарас та, талап та өзгеруде. Мұғалімнің қазіргі жағдайы бұрынғыдан көп жақсардыҰстаздар қауымына қатысты айтылып жүрген   мәселелердің шешім тапқаны көңілге медет екені қуантады.

Қоғамдағы ұстаз беделі заңға ғана байланысты көтерілмейді.  Мұғалімнің негізгі міндеті, ең құнды әрі маңызды мәселе – қазіргі кездегі жаңаша оқыту мен тәрбиелеу технологияларын меңгеріп, өз кәсібін әрі қарай дамыту.

Ұстаз мәртебесін көтеретін – сол ұстаздың өзі. Қазіргі қоғамда кәсіби жақтан жоғары білікті, өзінің шығармашылығы мен біліктілігін үнемі көтеріп отыратын, заман талабына сай, құзіретті,  жаңалыққа жақын жаңашыл ұстаз ғана қоғамда жоғары мәртебеге ие болып, беделі артатындығын өмір өзі дәлелдеп отыр.

Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші  білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Бұл мәселені шешудің кілті - ұстаздардың қолында.

Ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде ауданның қосымша білім беру ұйымдары ұстаздары,мектепке дейінгі білім беру ұйымдары ұстаздары және басшылық қызметтегі ұстаздарымыздың игілікті істеріндегі  шабыт пен шығармашылық өрлеу жолының сатылана беретініне сенім мол.

Мұғалімнің мәртебесін көтермей, оны құрметтемей, оның қиын да асыл жұмысын тиісті деңгейде қамтамасыз етпей, біз маңызды мақсаттарға жете алмаймыз. Сол себепті жаңашыл мұғалім қалыптастыру жолында педагог мәртебесін мейлінше көтеру– құптарлық іс. Заман қалай құбылса да, осынау бір ұлы мамандық иелеріне деген құрмет өз деңгейінде сақталып,ұлықталуда.

Ұстаздық ұлы жолды ұлықтауда мемлекет тарапынан «Тамшысымен тас тесетін бейне бір су тәрізді» жандарға ілтипат танытуы – адамгершіліктің ілгері басуының бір қадамы. Өйткені, ұстаз  тұтастай ұлтты тәрбиелеуші, мәңгі нұрдың қызметшісі  десек,  ұстаз  бейнесі білім мен жарық сыйлаушы ретінде мыңдаған шәкірттердің көкірек көрігінде, жүрек түбінде мәңгі  сақталары хақ.

Гүлфара  ҚҰБАЕВА,
аудандық білім бөлімінің басшысы

Соңғы жаңалықтар

Республика күні

25qazan-respublika

Фотогалерея

Сауалнама

Вакцинаға көзқарасыңыз қандай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика