Ұстаздарым мен ата-анамның арқасында...

(0 Votes)

Елімізде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына орай түрлі шаралар жүйелі өтуде. Осы бағдарлама аясында жыл сайын ұйымдастырылып жүрген дәстүрлі істердің бірі – «Болашақ өзіңнен басталады» атты семинар-тренингі.

Биылғы жылы Астана қаласында дарынды жастардың қатысуымен «Рухани жаңғыру: болашаққа жол» атауымен өткен семинар-тренинг мағыналы тұстарға толы болды. Елбасы кітапханасында ел Тәуелсіздігі тұсында бағындырған биік межелер айтылып, тартымды іс-шарадан рухани нәр алдық. Астана қаласының зәулім ғимараттарымен танысу да бізге керемет әсер сыйлады. Семинар-тренингке қатысушылардың бірі ретінде сөз сөйлеуім мен үшін толғанысты да қуанышты сәт болды.

Осы сапар барысында республикамыздың түкпір-түкпірінен келген құрбы-құрдастарымызбен сырласып, пікір алмастық. Туған жерімізге қайту барысында бәріміз бір ауыздан елімізде бейбіт өмір, шынайы ынтымақтастық осылай жалғаса бергей деген тілекпен аттандық.

Сөз соңында әр баланы рухани биіктетер, арман-мақсатын асқақтатар жолсапарға жіберіп, қолдау білдірген Құрманғазы аудандық білім бөліміне, М.В.Ломоносов атындағы орта мектебіме, қадірлі ұстаздарыма, ата-анама алғысым шексіз екенін айтқым келеді.

Айкерім Кадырова,

М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектептің IX сынып оқушысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521