5-қазан ұстаздар күніне орай Ю.А.Гагарин мектебінің 8«А» сынып жетекшісі Ш.Анесованың ұйымдастыруымен «Ұстаз-ұлы тұлға!» тақырыбында ардагер ұстаздарымыз Амангелді Темірханұлы және Нәсіп Әбілқызымен кездесу кешін ұйымдастырды.
Оқушылар ардагер ұстаздарға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Сұрақтарға жауап беру барысында ардагер ұстаздарымыз ұстаздық еткен жылдарындағы қызықты оқиғаларын еске ала отырып, бөлісті.