Ұстаздар жүлдегер атанды

(0 Votes)

Алматы облысы Талғар қаласында Қысқы Президенттік көпсайыстан дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерінің қатысуымен Республикалық турнир өтті.

Ерлер арасында 24-34 жас аралығында ІІ орынды Даурен Дүйсенғалиев (Абай атындағы жалпы орта мектебі), ІІІ орынды Әділбек Атаев (Жас туристер бекеті) иеленді. 35-39 жас аралығында ІІІ орын Мерей Құспановқа (Бегалиев атындағы жалпы орта мектебі), 50-59 жас аралығында Қайыржан Бимурзаевқа (Гагарин атындағы жалпы орта мектебі) бұйырды. 40-49 жас аралығында "Жеңіске деген жігері үшін" аталымымен Еркін Дүйсемалиев (Құрманғазы БЖСМ) марапатталды.

Жеңімпаздар диплом, медальмен және «Үздік дене шынықтыру пәнінің мұғалімі» төс белгісі және куәлігімен ұлығыланды.

 

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521