Ұстаздар шықты сайысқа

(0 Votes)

Енді санаулы күндерден кейін Тәуелсіз еліміз 30 жылдығын тойлайды. Бұл барша қазақстандықтар үшін мерейлі сәт.

Осыған орай мемлекетімізде мерекелік шаралар бастау алды. Оған Қазақстанның батыс қақпасы Құрманғазы ауданы да атсалысуда.

2-3 желтоқсан аралығында Кудряшов ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай стритбол мен волейболдан ауылішілік жарыс өтті. Оған жеті команда қатысып, жүлделі орындарға таласты. Балық инспекциясы, шекара қызметі, мектептен екі, ауыл жастарынан үш команда қатысты. Кудряшов ауылдық округінің әкімі Жасұлан Сүндетов қатысушыларды келе жаткан мерекемен құттықтап, жақсы ойын көрсетеді деген сенімін білдіріп, сәттілік тіледі. Сайыс қызықты, әрі тартысты өтті.

Стритболдан І орынды мұғалімдер, ІІ орынды Кудряшов, ІІІ орынды Кудряшов-2 командалары алды. Волейболдан І орын мұғалімдер командасына бұйырды. ІІ орынды Кудряшов командасы иеленсе, ІІІ орын Арна елді мекенінің командасына тиді. Округ әкімі Жасұлан Әндіржанұлы барлық командаларға марапаттар, сонымен қатар мерекелік сайыстың өтуіне демеушілік жасаған «Каспий таңы» өндірістік кооперативіне алғысын білдіріп, алғыс хатын табыс етті.

Кудряшов ауылдық округі әкімінің аппараты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT