Ұстаз болу – тек кәсіп қана емес, жүрекпен берілетін ұлы іс. Сіздер жас ұрпаққа білім беріп қана қоймай, олардың өмір жолындағы ең маңызды қадамдарын қалыптастырасыздар. Әрбір сабақтарыңыз бен айтқан ақыл-кеңестеріңіз балалардың болашағына жол ашып, олардың армандарын жүзеге асыруға көмектеседі.
Ұлағатты ұстаздар мерекесіне арналған Б.Бегалиев мектебінің 11 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен мерекелік шара өтті.
Оқушылар өз өнерлерімен ұстаздарына құрмет көрсетіп, олардың еңбегін бағалайтынын білдірді. Мұндай іс-шаралар мектеп өмірінің ажырамас бөлігі болып, ұстаз бен шәкірт арасындағы байланысты нығайтады.
Бұл шара ұстаздарға ұмытылмас сәттер сыйлап, олардың жүрегіне жылулық ұялатты.
Оқушылардың өнері мен таланты үшін және осындай әсерлі шара ұйымдастырғандарына мектеп ұстаздары алғыстарын білдірді.