Ұстаздар арасында туристік слет өтті

(0 Votes)

Аудандық жас туристер бекетінің ұйымдастыруымен Кудряшов ауылдық округінде Халықаралық туризм күніне орай мектеп ұстаздары арасында туристік слет өтті. Оған ауданымыздың мектептерінен құралған 19 команда қатысып, бақтарын сынады. Слуттің жоғары деңгейде өтуіне Кудряшов ауылдық округінің әкімі Жаслан Сүндетов, Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектептің директоры М.Құрманғазиева қолдау білдірді.

Шараның ашылу салтанатында аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Еділ Баяров сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Әсем табиғат аясында өткен туризмде мұғалімдер бағдарламаға сәйкес туристік-спорттық кедеріглерден өтіп, күш-жігерлерін байқатты.
0183ce1e-d715-47d1-a236-a83c620bf381

4928af1e-d678-485b-8ebe-a83b83230a1c
Аспазшылардың сайысы да жүзеге асып, ұстаздар өздері дайындаған дәмді тағамдарын ұсынды. Сонымен бірге, туристік ән шырқа, көңілді тапқырлар кеші жалғасын тапты. Көңілді сәттерге, думанға толы шараның қорытындысымен «Туристік техника» бойынша Ақкөл жалпы орта мектебі жеңімпаз болып танылса, ІІ, ІІІ орындар Ломоносов, Имашев мектептеріне бұйырды. Көңілді тапқырлар кешінде Абай атындағы жалпы орта мектеп үздіктер қатарынан көрінсе, ІІ, ІІІ орындарға Гагарин, Қадыр Мырза Әлі мектептері ие болды.

47b7003e-409f-42d9-8a42-179e2c0207b9
9f043bd9-cee1-4eaa-990e-4fe3ddecfbd1

«Туристік ән» конкурсында Қадыр Мырза Әлі мектебі топ жарса, Ломоносов, Ақкөл, Д.Нұрпейісова мектептері ІІ, ІІІ орындарға жайғасты. «Аспазшылар» сайысында «Үздік аспазшы» номинациясымен Абай, «Шебер аспазшы» номинациясымен З.Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернаты, «Іскер аспазшы», «Үздік әсемдеуші» номинацияларымен Еңбекші, Сәрсенбаев мектептері ұлығыланды. «Спорттық бағдарлау» бойынша Қадыр Мырза Әлі атындағы жалпы орта мектебі І орынды қанжығасына байласа, ІІ, ІІІ орындарды Д.Нұрпейісова, Имашев мектептері қанағат тұтты.
83736484-c7fa-4fcd-8378-82c0fe4b188a

Слетке қатысып, жүлделі орын алған командалар дипломдармен, белсенділік танытқандар алғыс хаттармен марапатталды.

 Айнагүл Шакупова

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521