Ұстаз мерейі

(0 Votes)

Спорт саласының дамуына елеулі үлес қосып, талай дүбірлі додада аудан намысын қорғап жүрген жанның бірі – Алмагүл Қалиева.

40 жылға жуық ұстаздық қызметтен табан аудармай келе жатқан кейіпкеріміз алғашқы еңбек жолын аудандық ДЮСШ-да баскетболдан жаттықтырушы болып бастады. 1986-1987 жж. аудандық мектеп интернатында дене пәні мұғалімі атанды. 1989-1990 оқу жылынан 2012-2013 жылға дейін Ақкөл орта мектебінде талай шәкірттің талабын шыңдады. 2013-2014 жж. М. Әуезов мектебіне ауысып, оқушыларға дәріс беруден танбады. Қазіргі уақытта Еңбекші жалпы орта мектебінде дене пәнінің оқытушысы.

sport

Үздіктер сапындағы Алмагүл Хамидоллақызының 55-мерейлі жасқа толуына орай қабылдаған аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектемиров:

- Сіз – сөздің емес, істің адамысыз. Тәуелсіз еліміздің өркендеуіне, оның азаматтарының денсаулығын сақтауда, салауатты өмір салтын қалыптастыруда ерекше маңызға ие спорт саласына арнаған ғибратты жолыңызды құрмет тұтамыз. Әр күніңіз қуанышқа толып, шығармашылық белестерден көріне беруіңізді тілейміз»-деп, аудан әкімінің құттықтау хатын табыс етті.

Ақжарма сөз кезегін жалғап, мерейгердің марапат-жетістіктерін атаған аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алмас Мұқашев арнайы сый-сияпатын ұсынды.
 

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521