Дүниедегі мамандық атаулының төресі - ұстаздық. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Асель Абилсейтқызы мектептің жоспарына сай «Білім берудегі жаңа мүмкіндіктер мен әдістер»тақырыбында шығармашылық күн өткізді.
Әдістемелік күннің мақсаты:оқу бағдарламасы аясында бастауыш сынып оқушларын оқытудағы жасанды интеллект арқылы тиімді әдіс тәсілдер мен дағдыларды қалыптастырып, білім сапасы арттыруға негіздеу.Аудандық , облыстық сайыстардың жеңімпазы Асель ұстаз өзінің шығармашылық күнін жоғары дәрежеде өткізді.
3 «А» сыныбында математика пәнінен «Толық ондықтар мен жүздіктерді кюбейту және бөлу» тақырынбында өткізілген ашық сабағында түрлі әдіс тәсілдерді тиімді пайдалана білді.
Кейін Асель Абилсейтқызы ата – аналармен бірлесе отырып «Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы» атты «Көже break» өткізді. Ата-аналар бала тәрбиесіндегі өздерінің іс - әрекеттерін ортаға салып, тәжірибе алмасты. Ата -аналарымыз пікірталас барысында ұлттық тәрбиеден нәр алған адам -рухани құндылықтарды бойына сіңіріп биік дәрежеге көтеріле алатынын ашық айтты. Қай ұлттық болсын баянды болашағы оның ұрағымен тікелей байланысты екені сөзсіз. Шығармашылық күннің соңында «Ғылыми жобаларды әзірлеудегі жасанды интеллекттің тиімділігі» тақырыбында оқушыны ғылыми жобаға дайындаудың қыр- сыры айтылды. Әрбір ұстаз қазіргі заманның жаңаша талаптары мен үрдістеріне әрқашан сай болуы керек.
Д.Маткалыкова,
мектеп дирекорының оқу ісі жөніндегі орынбасары