Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Осы орайда, Еңбекші ауылдық мәдениет үйінде өткізілген «Ұстаз – мектеп жүрегі» атты ұстаздар мерекесіне арналған салтанатты шарада Еңбекші жалпы орта мектебі директорының міндетін атқарушы Айбек Асхатұлы барша ұстаздарды құттықтап, мереке қарсаңында бастауыш сынып мұғалімдері Бақыт Елмаққызын облыстық білім беру басқармасының «Құрмет грамотасымен», Алтын Шайхымқызын облыстық бастауыш кәсіподақ ұйымының «Алғыс хатымен» марапаттасса, Еңбекші жалпы орта мектебінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Айгүл Мұхитқызы Нұржамал Төлепқызы мен Пакиза Мақпозқызына аудандық бастауыш кәсіподақ ұйымының "Құрмет грамотасын» табыстады.
Жылдар бойы мектептің дамуы жолында аянбай еңбек етіп, ұжымға сіңірген еңбектеріңіздің жемісі құтты болсын. Биік белестерді бағындырар шәкірттеріңіз көп болсын!Еңбекші жалпы орта мектебінің бастауыш бірлестігі атынан марапаттарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбекші жалпы орта мектебінің бастауыш сынып бірлестігі