Ұстаз еңбегіне лайықты баға

(0 Votes)

7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай Астанада өткен салтанатты шарада С. Имашев атындағы жалпы орта мектептің бастапқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Амантай Масалимов  Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғ.Бисембаевтың қолынан «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

Бұл жоғары марапат – педагогикалық саладағы ерен еңбегі, жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы қажырлы қызметі және патриоттық рухта білім бергені үшін табысталады. Бұл – Бірлік ауылдық округі тұрғындары мен аталған мектептің шығармашылық ұжымы үшін ерекше мерей.

Амантай Мүбаракұлы 1969 жылы 20 қыркүйекте Гурьев (Атырау) облысы, Теңіз ауданы (Құрманғазы), Бірлік ауылында дүниеге келген.1994 жылы  Қарағанды педагогикалық институтын дене тәрбиесі адам тіршілігі қауіпсіздігінің негіздері пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 1995 жылдан бастап С.Имашев атындағы жалпы орта мектепте  бастауыш әскери дайындық пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасайды. 29 жыл білім саласында еңбек еткенде  ҚР Білім және Ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының, Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің , аудан әкімінің, Батыс өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы. генерал-майор Д.Оспановтың, аудандық мәслихат төрағасының, аудандық білім бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталған. 2019 жылы Атырау облысы Білім беру басқармасының бұйрығымен «Педагог-зерттеуші» біліктілік санатын алды.  Сонымен қатар аудандық педагогикалық оқулардан,  алғашқы әскери және технолгиялық пәні мұғалімдері, әскери жетекшілер арасында әскери-қолданбалы спорттан облыстық сайыстарда жүлделі орындардан көрінді.  Облыстық «Үздік оқытушы-ұйымдастырушысы-2024»,«Жаңашыл-ұстаз» номинацияларының иегері. 2024 жылы Төтенше жағдай кезіндегі жұмыстары үшін Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен ұлығыланды.

Шәкірттері де бірнеше мәрте Қазақстан Республикасы дарынды оқушыларының «Алтын жұлдызын» алып,«Айбын», «Алау» әскери-спорттық, «Жас Ұлан» сайысынан жүлделі орындар иеленіп, ұстаз мерейін өсірді. Іс тәжірибесі республика көлеміндегі баспаларда таратылып жүр.

Айнагүл Шакупова                 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT