Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Қазақстанның халық жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері, «Парасат» орденінің иегері, жазушы жерлесіміз Әбу Сәрсенбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай "Ақша бұлтқа айналған абыз ақын" атты аудандық көркемсөз оқу шеберлері байқауы өтті.
Шара абыз ақынымыздың туған жері Алға ауылында ұйымдастырылып, ең алдымен Әбу Сәрсенбаев атындағы жалпы орта мектебінің алдындағы ескерткішіне қатысушы үміткерлер гүл шоқтарын қойды. Әрі қарай байқау Шабыт ауылдық мәдениет үйінде жалғасын тапты.
Бірнеше кезеңнен құралған сайысқа қазылар алқасының мүшелері аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Айжамал Арыстанова, С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің мәдени шаралар режисері Елдос Құлшаров, аудандық Жастар ресурстық орталығының жетекші маманы Мархат Ғұмарова төрелік етті.
Оның қорытындысы бойынша 1 орын нұржаулық Сымбат Салауат қанжығасына байласа, 2 орынды асандық Кәусар Минжасарқызы иеленді. Жүлделі 3 орынмен бөкейхандық Саттар Шапенов ұлығыланса, қалған қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.
Айнагүл Күнұзаққызы