СПОРТШЫЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ

(0 Votes)

Салауатты өмір салтын насихаттау, ауыл спортының денгейін көтеру, жасөспірімдерді спортпен шұғылдануға ынталандыру сонымен қатар жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру мақсатында Құрманғазы аудандық дене шынықтыру жане спорт бөлімі Қазақстан Республикасы Мәдениет жане спорт министірінің "Дене шынықтыру жане спорт саласына мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 17 сәуірдегі бұйрығын басшылыққа ала отырып спортшылармен жаттықтырушыларға:

«2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 2-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 3-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi бiлiктiлiк санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетеді.

Спорттық разрядтарды және біліктілік санаттарын алу үшін құжаттарды Халыққа қызмет көрсету орталығына және "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы тапсыруға болады.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты болу керек.

Спорт түрі бойынша облыстық федерацияның мөрімен расталған жарыстар және (немесе) cпорт түрі бойынша облыстық федерацияның мөрімен расталған, спорт түрі бойынша облыстық федерация болмаған жағдайда облыстық, қалалық, аудандық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жарыстар хаттамаларының көшірмелері;

3x4көлемдегі түрлі-түсті екі фотосурет;

Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығы бойынша разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарынан қарап, қандай құжаттар керегін жинауға болады. Егер барлық қағаздары мен құжаттары талапқа сай болса, тиісті разрядтарды және біліктілік санаттары берілетінін еске саламыз.

Мурадым Кайсаев,

Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521