Спортшы ұстаздарды аудан әкімі қабылдады

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан басшысы М.Мурзиев мектеп мұғалімдері арасында облыстық спартакиаданың жеңімпаздарын қабылдады.

– Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында халықтың салауатты өмір салтын ынталандыру басым бағыттың бірі саналады. Денсаулықтың кепілі болып саналатын спорттың адам өміріндегі алатын орны зор екендігін ауданымыздың бір топ ұстаздары дәлелдеп көрсеткендей. Облыстық дүбірлі додада топ жарған мұғалімдеріміз алдағы республикалық сайыста да олжалы оралатынына сеніміміз мол. Аудан спорты жасай берсін, - деген Марат Бисенғалиұлы шәкіртті білім нәрімен сусындата отырып, оны салауатты өмір салтын ұстануға баулумен айналысып отырған педагогтармен мақтанатынын жеткізіп, өзі де спорттан алыс емес екендігін айтып, жеткен жетістіктерін тілге тиек етті. Аудан әкімінің алғыс хатымен бір топ спортшы ұстаздар марапатталып, арнайы кубок табысталды.

sportshylar-marapattaldy2

Аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Құбаева ауданның ұстаздар командасы екі жыл қатарынан жеңіске жеткенін, ал олардың тәрбиелеген шәкірттері облыстық  ұлттық мектеп лига ойындарында 3 рет чемпион болғандарын мақтанышпен жеткізді. Осы спортшылардың басын біріктірген жасөспірімдер және балалар дене шынықтыру даярлық клубының директоры Нұрболат Өтегеновке үлкен ризашылығын жеткізіп, ұстаздарға аудандық білім бөлімінің алғыс хатын тапсырды. Білім қызметкерлері кәсіподақтары Құрманғазы аудандық комитетінің төрағасы Әуез Ізжанов Құрмет грамотасын ұсынып, ақшалай сыйақылар тапсырды. Аудандық балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының директоры Нұрболат Өтегенов додада жеңімпаздарға берілген сертификат қаржысын спортсүйер жас өрендерге демеушілік ретінде табыстады.         

sportshylar-marapattaldy    

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521