Шортанбай балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің Ернар Қаражанов жаттықтыратын жас дойбышылары ерлеп тұр. Араларынан алтыншы рет спорт шеберлігіне үміткерді шығарып отыр.
Бұлай дейтін себебіміз жақында Атырау қаласында дойбыдан облыстық чемпионат өткен болатын. Оған жан-жақтан қатысқан жасөспірімдер арасында Шортанбай балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Ернұр Сәрсенбайұлының бағы жанып, қарсыластарынан мерейі үстем түсіп, «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер» атағын алды. Бір жыл ішінде бір мектептің осындай нәтижеге жетуі мұнда ауыл спортын дамытудың жақсы жолға қойылғанын көрсетеді. Жас дойбышылардың жеңісті жолы алға қарай да жалғасын тапсын.
Қанат ҒҰМАРОВ