Президент Жолдауында айтылған жасанды интеллектті дамыту бағыты спорт саласына да серпін береді. Атлеттердің жаттығу процесін талдау, жарақаттардың алдын алу, жанкүйерлерге жаңа форматта қызмет көрсету сияқты мүмкіндіктер осы технология арқылы жүзеге асады. Бұл Қазақстан спортын халықаралық деңгейде ілгерілетуге ықпал етеді.
Бағытжан Рахбиев,
Спорт саласының ардагері