Спорт саңлағын еске алу турнирі өтті

(0 Votes)

Республика күні қарсаңында  аудандық денешынықтыру және сауықтыру кешенінде жалынды жас спортшы Қисметов Бейбіт Серікұлын еске алуға арналған кіші аяқ добынан аудандық турнир ұйымдастырылды.

Турнирдің ашылу салтанатына аталған спортшының анасы Салима Кушкинбаева, аудандық полиция бөлімі ардагерлер кеңесінің төрағасы Есенгелді Мерханов, марқомның ағайындары мен тума-туыстары қатысты. Еліміздің Әнұраны орындалғаннан кейін турнирге қатысушы Ломоносов орта мектебі ұжымы, аудан әкімшілігі, Ломоносов орта мектебінің оқушылары, өрт сөндіру бөлімшесі, аудандық полиция бөлімі, аудандық денсаулық сақтау саласы қызметкерлері, шекарашылар, «Базар», барлығы 8  команда  ортаға шақырылды. Өмірден ерте өткен жас спортшыны еске алып, бір минут үнсіздік жарияланды.

turnir3

Шараны жүргізген Абай орта мектебінің жас ұстазы  Рүстем Тоқаев:

– Қисметов Бейбіт Серікұлы 1986 жылдың 2 қаңтарында  Ганюшкин селосында дүниеге келді. 1993 жылы Ломоносов орта мектебінің табалдырығын аттап, 2003 жылы жақсы аяқтап шықты. 2003 жылы Қазақстан Республикасы  Ішкі істер министрлігінің академиясына түсіп, 2007 жылы бітіріп, лейтенант шенін алып, Атырау облыстық ішкі істер департаментінде тергеуші болып еңбек жолын бастады. 2009 жылы Құрманғазы аудандық ішкі істер бөліміне  ауысып, өз жұмысына  үлкен жауапкершілікпен қарап, үздік қызметкер атанып, майор шеніне дейін жоғарылады. Өмірінің соңына дейін аудандық полиция бөлімшесінде абыроймен еңбек етті, - деп өмірдерегімен қысқаша  таныстырып өтті.

Келесі кезекте қызметтес болғандар атынан  аудандық полиция бөлімі ардагерлер кеңесінің төрағасы Есенгелді Мерханов, құдасы Дауылбай Бекбосынов сөйлеп Б.Қисметовтің жақсы азамат болғанына тоқталды.

t

Анасы Сәлима Кушкинбаева:

– Бейбіт оқушы  кезінен-ақ спортқа жақын болып өсті. Мектепте өтетін жарыстардан қалмайтын. Спорттың футбол, баскетбол, волейбол, үстел теннисі сияқты түрлерін жақсы меңгеріп, республикалық, облыстық, аудандық жарыстарда жеңіске жетті. Ломоносов орта мектебі мен ауданымыздың намысын қорғады. Талай мәрте үздік спортшы атанды, - деп осындай шара ұйымдастырып жатырған аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алмас Мұқашевке, аудандық полиция бөліміне  ризашылығын білдіріп, командаларға сәттілік  тіледі.

t

Турнир нәтижесімен І орын аудандық  медицина саласы қызметкерлерінен құрылған командаға тиді. ІІ орынды  «Базар» командасы жеңіп алды. ІІІ орын аудан әкімшілігі командасына тиді. Жеңімпаздарды  аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алмас Мұқашев құттықтап, кубоктар мен дипломдар табыс етті.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT