Сотталғандармен профилактикалық сұхбат жүргізіледі

(0 Votes)

Құрманғазы аудандық пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандарға сотпен жүктелген қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза түрі тағайындалған сотталғандармен профилактикалық сұхбат жүргізіліп және сотпен белгіленген талаптарын орындауы керек екендігі түсіндіріледі.

Қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жазаны өтеуді атқару заңды күшіне енген сот үкімінің немесе қаулысының негізінде жүзеге асырылады және жергілікті атқару органдары немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары белгілеген объектілерде жүзеге асырылады.

Сотталғандарға көше тазалау, ағаш отырғызу және т.б. белгілі бір біліктілікті қажет етпейтін жұмыстар тағайындалады. Сотпен тағайындалған қоғамдық жұмыс түріндегі жазасын орындаудан жалтарған жағдайда қоғамдық жұмыс түріндегі жазасын қамауға алу түріндегі жазаға ауыстыру үшін сотқа жадығат жолданады. Соттың шешімімен сотталғанның 4 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жазасы, 1 күнге қамауға алу түріндегі жазаға ауыстырылады.

 

 Ф.Х.Сарсенова, Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті

Құрманғазы аудандық Пробация қызметі бөлімінің

инспекторы әділет аға лейтенанты

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521