Сотталғандар жұмыспен қамтылуда

(0 Votes)

Құрманғазы аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде қазіргі таңда 86 сотталған есепте тұр. Оның ішінде 10 сотталған жұмыссыз, қалғаны жұмыспен қамтылған.

Аудандық пробация қызметі бөлімімен және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлескен жұмыстар нәтижесінде, есепте тұрған тұрмыстық қиын жағдайға тап болған 2 азаматқа біржолғы әлеуметтік жәрдемақы берілді, жергілікті жердегі «Каспий балық ӨК, «OTAN Project» ЖШС-теріне тұрақты жұмысқа орналасқан сотталғандардың арасында жоғары айлық жалақымен отбасыларын асырап келетіндері де аз емес.

Жыл басынан бастап пробация қызметі аудандық жұмыспен қамту орталығында өткен жәрменкеге жұмыссыз сотталғандарды қатыстыру арқылы 2 сотталған «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қаржылай емес қолдау операторы ретінде ұйымдастырылған «Бизнес Бастау» кәсіпкерлік негіздерін оқыту жобасы бойынша оқуды аяқтап, қазіргі уақытта мемлекеттік грант алуга үміткер болып отыр. Сонымен қатар, 11 сотталған ақылы қоғамдық жұмысқа, 2 сотталған квота бойынша тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Сотталған азаматтарға аталған қолдау Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидасының 14-тармағына сәйкес жүзеге асырылды.

Жалпы, Пробация қызметімен атқарылып жатқан мұндай көмек түрлері есепте тұрған сотталғандардың қайта қылмысқа бармауы, яғни қоғамда бейімделуі үшін жасалуда.

 

 

Атырау облысы бойынша ҚАЖД

Құрманғазы аудандық пробация қызметі

бөлімінің аға инспекторы

әділет капитаны А.Н.Биманова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521