Сот төрағасы алғысын білдірді

(0 Votes)

Құрманғазы аудандық сотының төрағасы Ерболат Қалешұлы Аманғалиев «Серпер» газеті редакциясының тығыз байланыста жұмыс жасап, сот жүйесі жұмысын ақпараттандырудағы, жариялылықты қалыптастырудағы еселі еңбектерін атап өтті.

- Аудандағы бірден-бір бұқаралық ақпарат құралы ретінде сіздер салмақты сөздеріңіз бен салиқалы пікірлеріңіздің нәтижесінде оқырмандарға жедел және дәлелді ақпараттар жеткізіп, өңірдің соңғы жаңалықтарынан шұғыл хабар таратып отырасыздар. Осы сан тарапты ақпараттарыңызға қоса аудандық соттың да жұмыстарына кеңірек орын беріліп жатады. Осылай сот беделін көтеруге де зор үлес қосып келесіздер. Сот тақырыбындағы ақпараттың шынайы болуы қызметімізге тың серпін береді. Сот жүйесі қызметі туралы қоғамдық пікір де осы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қалыптасады. Еліміз бен аймақтың экономикалық және әлеуметтік өмірінде болып жатқан өзгерістердің жай-жапсарын түсіндіріп, халық пен билік арасында «алтын көпір» болған игілікті істеріңізге шын ризашылығымызды білдіреміз. Әрдайым ортақ мүддеге бағытталған тұшымды ойлар айтып, қаламдарыңызға қызықты тақырыптар ілінсін. Жарияланымдардағы әр сөз адамдарды жақсылық жасауға, жарық әлемді көркейтуге жетелесін, - деген сот төрағасы газет ұжымына құттықтау хатын аудандық сотта өткен жиынға қатысушылар алдында редакцияның І дәрежелі маманы Айбек Нәжімовке табыстады.

А.МЕЙІРМАНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT