Соғыстың соңғы көктемі

(0 Votes)

Жеңіс! Осынау жалғыз ауыз сөзде қаншама терең мағына жатыр.

Кез келген істің, қандай күрестің де басты мақсаты жеңіске жету болғанымен, кешегі Ұлы Отан соғысындағы үлкен Жеңістің орны айрықша бөлек. Оған жету үшін қаншама халық жан алып, жан беріскен шайқастарға толы ұзақ та ауыр жолдан өтіп келді. Зарықтырып, сағынтып жеткен ол Жеңісті жақындата түсуге майданның алдыңғы шебінде от пен оқтың ортасында болған майдангерлермен бірге тыл еңбеккерлері де, майдан даласынан шалғайдағы қарттар мен әйелдер де, буыны бекіп, бұғанасы қатпаған балалар да үлес қосқан. Ол сонысымен де қастерлі, қасиетті саналады. Биыл міне, сол Жеңіс күні елімізде жетпіс жетінші рет атап өтелді.

Сафон ауылдық мәдениет үйінде Қадыр Мырза Әли атындағы жалпы орта мектеп оқытушыларының ұйымдастыруымен 6 мамыр күні сағат 15:00-де Жеңіс күніне арналған "Соғыстың соңғы көктемі" атты мерекелік шара өткізілді. Шараны округ әкімі Роза Шамарқызы ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін,ауыл тұрғындарын мерекеге орай құттықтау сөз сөйледі. Жеңіске жету жолында аянбай еңбек етіп,майдандағы жауынгерлерді әскери-техникамен,азық-түлікпен және киім кешекпен қамтамасыз еткен тыл еңбеккерлерінің де зор үлесін ұмытпауымыз керек. Айтулы мереке қарсаңында ауылымыздың тыл еңбеккерлері Туржанов Сұңғат,Тусалиев Динжан,Медетова Майра,Джумакашева Мугида,Абишева Зауре апайларымызға ауыр күндердегі адал еңбектері мен белсенді азаматтық ұстанымдары үшін бас иіп,округ әкімі құттықтау хатын табыстады. Ауылымыздың 1985 жылғы ауыл жастарын мектеп бітірулеріне 20 жыл толуымен құттықтап, осы орайда ауылымыздағы көп балалы ана Нурмуханбетова Венераға баспана сыйлаған ауыл жастарына ризашылығын білдіріп,округ әкімінің алғыс хаты табысталды. Шара әрмен қарай Қадыр Мырза Әли атындағы жалпы орта мектебінің оқытушыларының Жеңіс күніне арнайы дайындалған көрініспен жалғасты. 9 мамыр күні Жеңіс саябағына жиылған қайырымды ұрпақ Жеңіс стелласына гүл шоқтарын қойып,сұм соғыста опат болған ардагерлердің рухына тағзым етті. Алғашқы гүл себеті-округ әкімі атынан. Бұдан кейін гүл шоқтарын тыл еңбеккерлері,мекеме басшылары,мемлекеттік қызметшілер мен жастар легі ұзын сонар кезек құрды.Отан үшін жолында шейіт болған боздақтар бір минут үнсіздікпен еске алынды.

img-20220509-wa0034

Б. Бақтыбекова, Сафон ауылдық округінің бас маманы 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT