Соңғы қоңырау салтанаты

(0 Votes)

Ломоносов атындағы жалпы орта мектептің соңғы қоңырау салтанаты оқу озаттарының, түрлі байқаулардың, білім олимпиадаларының, ғылыми жұмыстардың, шығармашалық жобалардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздарының шеруімен басталды.

Бұл лекте талантты оқушылармен қатар түрлі жетістіктерге жеткен мектептің мұғалімдері де жүріп өтті.

l

Мектеп директоры Толқын Әжіғалиева өз сөзінде білім ошағында 852 шәкірт тәрбиеленгенін, оларды 83 педгог білім нәрімен сусындатқанын, 39 түлектің 3-еуі Алтын белгіге, 1-еуі Үздік аттестатқа үміткер екенін жеткізді.

l

l

Аудан әкімі Марат Мурзиев ауданның барлық мектептерінде де соңғы қоңырау салтанаты жылдағыдан өзгерек, жаңаша форматта, зор ұйымшылдықпен өтіп жатқанын тілге тиек етіп, биылғы жылы 532 түлек алтын ұясымен қоштасып отырғанын, оның 18-і Алтын белгіге үміткер екенін айтты. Мектептің ата-аналар комитетінің төрайымы Тахмина Ақбанова, түлектердің алғашқы ұстазы Рита Каримова, 11 «а» сыныбының сынып жетекшісі Динара Мукушева жүрекжарды лебіздерін білдірді.

l

l

Мектеп оқушылары мен түлектердің әзірлеген концерттік бағдарламасы тамашаланды. Салтанатты  шара мектеп бітіргелі отырған түлектердің сыңғырлата соққан соңғы қоңырауымен тәмамдалды.    

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT