Мониторингтік топ азық-түлік емес дүкендерді аралағанда осыған көзіміз жетті.
Самаркиндегі "Жансая" жиһаз дүкені ашық тұр. Айтуынша соңғы қаулымен таныспапты. Мониторингтік топ мүшелері аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Нұрлыбек Төлепов, аудандық мәслихаттың хатшысы Болат Жүгінісов қаулыдағы өзгерістерді айтқаннан кейін ғана дүкен иесінің өкілі сауда орынын жабуға келісті.
Оған тауарды үйге жеткізіп беру арқылы жұмыс жасауы қажеттігі және оны 21.00-ге дейін жүзеге асыруы керектігі түсіндірілді. Осындай ескерту ПМК ауылындағы «Адай» құрылыс дүкеніне, Самаркиндегі май ауыстыру орынына да жасалды. Бұған дейін ескертіле тұрса да орталықтағы «Samirа» өндірістік тауарлар дүкені күні бойы жұмыс жасағаны анықталды.
Сол себепті аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері акт толтырды. Дүкен иесі алыстағы округтерге тапсырыс бойынша тауарды жеткізіп беру мүмкін еместігін алға тартты.
Адамдар өздері келіп қажетін әкетіп жүр. Бұл жерде оның айтуы дұрыс. Алайда, карантин жағдайында қаулыға сәйкес азық-түлік дүкендерінен басқа барлық жабық ғимараттарда сауда жасауға тыйым салынған.
Кәсіпкерге тауарын ашық жерде сатуына болатыны жеткізілді. Топ мүшелері жаға бойларын да аралағанымен ешкімді кезіктірмедік.
Қанат ҒҰМАРОВ