Әскери қызметке қызығушылық артуда

(0 Votes)

Н.Манаев, С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектептерінің өткен жылғы түлектері, бүгінде Щучинск қаласындағы Кадет Корпусының І курс курсанттары Нұрболат Уагапов пен Арсен Ғарипов қысқы демалыстарына келгенде карантиндік режимге сәйкес өздері оқыған мектептеріне бара алмаса да, өздерінен кейінгі сыныптастарымен қауышты.

Олардың әскери киіммен келгеніне қызығушылық танытқан оқушылар жылы пікірлерін арнады. Әрі қарай, өздерінің оқуға түскендері жайлы қызықты оқиғалармен бөліскен курсанттар қатарластарын Кадет корпусына оқуға шақырды. Сондай-ақ, оқу пәндеріне, далалық полигонда өткізілетін практикалық сабақтарға және тәрбие-идеологиялық жұмыстарға қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді.

Аталмыш оқу орнына жасөспірімдерді оқуға түсіруге облыс бойынша аудандық ҚІЖБ алдына жан салмауда. Соңғы кезде жылына үш-төрт жеткіншек оқуға қабылданған. Сала маманы А.Шарипов Бурабайдың тамаша табиғатында кадеттер дайындайтын оқуға түсуге ниет білдіруші оқушылар бар екенін жеткізді. Бұл үгіт-насихат жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатындығын қаперледі.

 М. Оразгалиева,

аудандық ҚІЖБ-нің баспасөзге жауапты өкілі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521