Әскери есепке тіркелуге салғырт қарамаңыз!

(0 Votes)

Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу – бұл әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қою үшін қорғаныс істері жөніндегі бөліммен бірлесіп, тиісті жергілікті атқарушы органдар жүргізетін әскери есепке алу іс-шаралары.

Тіркелу - 2022 жылдан бастап он жеті жасқа толатын барлық Қазақстан Республикасының ер азаматтары әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуге жатады. Кейбір ата-аналар ұлдарының азаматтық тіркеуде тұрғанына қанағаттанып, кейін жасөспірім 18-ге толған соң, неліктен тіркелмегендігіне түрлі уәждемесін айтады. Салыстырмалы түрде қарасақ, биыл тіркеу жасындағы 2004 ж.т азаматтармен қоса, 2002-2003 , 1999-2001 ж.т аралықтағы азаматтар келіп тіркелуде. Оған қоса, Құрманғазы, Асан, Ақкөл, Мақаш округтерінен оның алдыңғы жылдары да әскери есепке алынбағандар бар. Ал, оған тиісті мөлшерде айыппұл салынды.

Келер жылы мұндай олқылықтың орны толарына сенім мол. Егер тіркеу жасында өздігінен келе алмаған азаматтар болса, құжат түрінде расталуы керек. Оған дәлелді себептер: жазасын өтеп жатқандар, еңбекке қабілетін жоғалтуға байланысты сырқаттануы, жақын туысының қайтыс болуы немесе науқастығы, азаматты өзі келу мүмкіндігінен айырған табиғи сипаттағы кедергілер болып табылады. Осы мақаланы оқыған ата-аналар, ескереді деген сенімдеміз.Ал, одан бас тартсаңыз, азаматтарды аудандық полиция бөлімі арқылы іздестірудің барлық шарасын алатын боламыз. Оған көнбей жүргендері болса тиісті материалдары жинақталып сотқа жолданатын болады.

 

Е. Изгалиев Құрманғазы аудандық ҚІЖБ-нің Жасақтау топ бастығы, капитан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT