Әскерден жалтарғандар заңмен жазаланады!

(0 Votes)

Аудандық қорғаныс істері бөлімі ұландарды көктемгі шақыру жұмыстарын бастап кетті. Оның мерзімі шілде айына дейін ұзартылғанын ескертеміз.

Осыған байланысты ауданымыздың ауылдық округтеріндегі әскери есеп жұмысына жауапты мамандар, өз жеріндегі әскерге шақырылушылардың қоғаныс бөліміне келуін қамтамасыз етуін, әрбір ата-ана өз ұлдарының Отан алдындағы борышын өтеуге мүмкіндік жасауларын сұраймыз. Осы ретте шеруге шақыру мен мерзімді жасақ  қызметінен запасқа шығару – қолданыстағы заңнамаға сәйкес іске асырылады, елеулі өзгерістер болмайды. Яғни, мерзімі – бір жыл.

Құрметті аудан тұрғындары! Елімізде төтенше жағдай жарияланған сәттен бастап Қарулы Күштер әртүрлі мердігерлікті белсене атқарып, әскери қызметшілер патрульдеуді, дезинфекциялауды және басқа да міндеттерді іске асырды. Ауданымыздан аттанып, сол жерде бел сыбана еңбек еткен әр сарбазбен – мақтанамыз!

Алайда, кейбірі жұмыс орнын сылтауратып, түрлі уәждемелерін айтады. Әскерге шақырылған жағдайда қызмет орныңыз сақталатынын қаперге беремін!

Егер жасаққа шақырылудан бас тартқан, себепсіз медициналық комиссияға келмеген жағдайда айыппұл салынып, сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімінде бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатындығын ескертемін. Өткен жылы қосынға барғысы келмейтін Асан ауылдық округінің бір азаматы сотталса,  2010 жылы да Байда ауылдық округінің тұрғынына қылмыстық іс қозғалған еді.

Сол себепті қазірден бастап, әскерге барудан жалтарған азаматтардың қаперіне Қылмыстық Кодекстің аталмыш баптары бойынша істеріңіз сотқа жолданатындығын айтқым келеді. Жастайыңыздан өміріңізге балта шаппағаныңыз жөн, жас жеткіншек! Ендеше бейбіт уақытта еш себепсіз әскерге барғысы келмейтін азаматтардың үстінен қылмыстық кодекстің баптарына сәйкес, қорғаныс бөлімінің соттауға мүмкіндігі бар мемлекеттік мекеме екенін ескергендеріңіз жөн.

 

Е.Мухамбеталиев   

Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі

бөлім бастығы, майор

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT