Әскерден кейін тегін оқуға түсті

(0 Votes)

ӘСКЕР ҚАТАРЫНДА ҚЫЗМЕТ ЕТІП, ОТАН АЛДЫНДАҒЫ ПАРЫЗЫН ӨТЕУГЕ ӘРБІР АЗАМАТ МІНДЕТТІ. СЕБЕБІ, ТУҒАН ЖЕРДІ, ЕЛДІ, АТАМЕКЕНДІ ҚОРҒАУ – ҚАСИЕТТІ БОРЫШ. БҰЛ ДЕГЕНІМІЗ – БАТЫРЛЫҚ ПЕН ТАБАНДЫЛЫҚ, ОТАНСҮЙГІШТІК ПЕН ОТАНҒА ШЕКСІЗ ҚЫЗМЕТ ЕТУДІҢ НЫШАНЫ. АЛАЙДА ЖАСТАР АРАСЫНДА ТҮРЛІ СЕБЕПТЕРМЕН ӘСКЕР ҚАТАРЫНА БАРҒЫСЫ КЕЛМЕЙТІНДЕР ӨТЕ КӨП. ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ ОЛАРДЫ ӘСКЕРИ БОРЫШЫН ӨТЕУГЕ ЫНТАЛАНДЫРУ МАҚСАТЫНДА ҚЫЗМЕТТЕН КЕЙІН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА ТЕГІН БІЛІМ АЛУЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАП ОТЫР.

Ескере кететін жайт, бұл мүмкіндікті әскери қызметі кезінде жақсы көрсеткіштерге ие болғандар ғана пайдалана алады. Жауынгерлердің дайындық барысында жинаған ұпайлары бойынша тегін оқуға ие болады. Осылайша Құрманғазы ауылынан ұлттық ұлан сапында болған Қалығұлов Нұрбол Абайұлы оқуға тегін түсуге арналған сертификатпен оралды. Бөкейхан ауылынан әскерге кеткен Рахметоллаев Мейрамбек Насиполлаұлы да тегін оқуға түсуге жолдама иеленді.

Жас жеткіншектердің ішінде болашақ өмірлерін әскери қызметпен байланыстырғысы келетіндер де кездеседі. Бытырғы 2023-2024 оқу жылының қорытындысымен үш бала әскери оқу орындарын таңдады. Атап айтқанда, Мегданов Қанат Қуанышұлы Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғаныс күштері әскери институты жанындағы әскери медицина мамандығына, Булатов Абылай Әділжанұлы Ш.Уәлиханов атындағы әскери колледжіне оқуға түсті. Бұл екі курсантымыз – Ю.Гагарин атындағы мектептің түлектері. Кешегі күні қысқы каникулға келген уақыттарын тиімді пайдаланып, өздері оқыған мектепке және аудан орталығындағы Абай, Бегалиев, Әуезов мектептерінде болып, жоғары сыныптың оқушыларымен кездесті.

Тағы бір түлек С.Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының бірінші курс курсанты Бекболатов Мұхамед Фархадұлы өзі оқыған Шортанбай және Ломоносов атындағы орта мектептерде болды. Сондай-ақ, қысқа мерзімді демалысқа келген Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектептің түлегі, ҚР ҰҚК-нің Шекара академиясының курсанты Ризабеков Нұрнияз Жомартұлымен бөлімнің жауапты өкілдерімен бірге Еңбекші және Панфилов атындағы мектептерінің 9-11 сынып оқушыларымен кездесу сабағын өткізді.

Қорғаныс министрлігінің жоғары әскери оқу орындарына міндетті түрде ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысымен кемінде 50 балл немесе одан да жоғары ұпай жинаған үміткерлер түсе алады. Ал егер де ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірмеген ер балалар Ақмола облысы, Щучинск қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы әскери колледжіне баруға болады. Жалпы әскери немесе азаматтық оқу орындарына армиядан келіп барғандарға да жеңілдік бар.

Ернар МҰХАНБЕТӘЛИЕВ,

аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы, қарулы күштер подполковнигі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT