«Әскер және қылмыс»

(0 Votes)

Құрманғазы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі ҚР Президентінің 2022 жылғы 4 наурыздағы №827 Жарлығын және Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 9 наурыздағы №96 қаулысын басшылыққа ала отырып, күзгі шақыру жұмыстарын бастап кетті.

Бұл жерде күзгі шақыру жұмыстары бұрынғыша желтоқсан айының аяғына дейін жалғасатандығын ескертеміз. Осыған байланысты ауданымыздың ауылдық округтеріндегі әскери есеп жұмысына жауапты мамандар өздеріне қатысты округтердегі әскерге шақырылушылардың ҚІЖБ-не келуін қамтамасыз етуін, жалпы әрбір ата-ананың өз ұлдарының Отан алдындағы борышын өтеуге мүмкіндік жасауларың сұраймыз. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес, әскерлерде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді киім-кешекпен, азық-түлікпен, қаржымен және медициналық қамтамасыз ету сақталады. Сонымен қатар, барлық өңірде әскерге шақыру және медициналық комиссиялардың жұмысы басталған болатын. Осыған байланысты бұл ретте әскерге шақыру мен мерзімді әскери қызметтен запасқа шығару қолданыстағы заңнамаға сәйкес іске асырылады, елеулі өзгерістер болмайды. Яғни айтқанда мерзімді әскери қызмет бұрынғыша 1 жыл. Құрметті аудан тұрғындары! Өткен 2020-2021 жылдарда да елімізде енгізілген төтенше жағдайлар кезінде де мерзімді әскер қатарына жіберуді тоқтатқан жоқпыз.  Және ол тоқтамайды да, жыл сайын жылына екі мезгіл әскер қатарына жібереміз.  Сол жылдары төтенше жағдайлар енгізілгенде Сіздің ұлыңыз мерзімді әскери қызметте жүріп, өзіне жүктелген әскери қызметшілермен бірге патрульдеуді, дезинфекциялауды және басқа да міндеттерді іске асырды. Біз сол өзіміз жіберген азаматтармен мақтанамыз.

Алайда кейбір ұлаңдарымыз жұмыстамыз бара алмаймыз, еңбек етуім керек деп уәждемелерін айтады. Мерзімді әскери қызметке шақырылған жағдайда ұлдарыңыздың жұмыс орындары сақталады. Өйткені Еліміздегі 2015 жылғы 23 қарашадағы қабылданған № 414-V ҚРЗ Еңбек Кодексіне соңғы 04.05.2020 № 321-VI Заңымен енгізілген өзерістерге сәйкес былай делінген. Әрі қарай мәтін бойынша 124 баптың 3 тармағы «Мерзімді əскери қызметке немесе әскери жиындарға шақырылуға жататын жұмыскерлердің медициналық комиссиядан өту кезеңінде жергілікті əскери басқару органдарына шақырту туралы шақыру қағазы болған кезде – жұмыс орны (лауазымы), жұмыс орны бойынша жалақысы сақталады, ал мерзімді əскери қызметті өткеру немесе әскери жиындар кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталады.

Мерзімді əскери қызметті өткеру немесе әскери жиындар кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталған жұмыскер әскери қызметтен шығарылуға немесе әскери жиындардың аяқталуына байланысты әскери бөлімнің тізімдерінен алып тасталған күннен бастап бір айдан кешіктірмей өзінің еңбек міндеттеріне кірісуге міндетті». делінген.

Егерде әскер қатарына шақырылудан еш себепсіз бас тартып, медициналық комиссияға келмей жалған ауру құжаттар жасап келмеген жағдайда ҚР-ның Қылмыстық Кодексінің 387 бабы бойынша айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімінде бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Қазіргі күні біздің практикамызда денсаулығы жарамды бола тұра әскерге барғысы келмейтін азаматтардың үстінен қозғалған қылмыстық істер аудандық полиция бөлімі арқылы аудандық сотқа жолданған күндерде болған. Соттың шешімімен сотталды деп айтуға толық негіз бар.  Сол себепті қазірден бастап, әскерге барғысы келмейтін азаматтардың қаперіне Қылмыстық Кодекстің аталмыш баптары бойынша істеріңіз сотқа жолдана беретіндігін айтқым келеді. Жастайынан біреудің емес, өзіңіздің конститутциялық Отан алдындағы борышыңызды өтеуге немқұрайлы қарап,  болашақ өміріңізге балта шаппағаңыз дұрыс. Себебі Қылмыстық Кодекстің аталмыш баптарымен істі болған азаматтарды әжептеуір жұмыстарға алмауы да мүмкін.  Өйткені Қылмыстық Кодекс баптарының құрсауына ілінген қандайма болмасын материалдар өздерінің уақыты болмайынша базадан алынбайды. Ал Сіз бәлкім мемлекеттік қызметке немесе басқа да абыройлы қызметке жұмысқа тұратын шығарсыз, сол кезде бұрынғы жасаған қадамыңызға өкпелеп, қорғаныс істері жөніндегі бөлімін кінәламағаңыз дұрыс.  Ал әскерге өз еркімен барғысы келетін азаматтарға айтарымыз қазіргі күні осы қыркүйек айының аяғына дейін ҚР ҰҚК-нің шекара қызметіне Алматы облысы аудандарына алынып жатқандығын хабардар етемін.

 

Е. Мухамбеталиев,

Аудандық әскерге шақыру комиссиясының мүшесі,

ҚІЖБ-і бастығы, майор 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521