Сүйіндікте жас мамандарға арналған семинар өтті

(0 Votes)

Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру - білім беру саласындағы ең қажетті мәселе. Осы орайда Сүйіндік жалпы орта мектебінде «Жарқын елдің шамшырағы - жас маман»  атты семинар болып өтті.

Семинардың ашылуында мектеп директоры Меңсұлу Темірханқызы жас мамандарға тілегін арнап, бұл шараның тәжірибе жинақтауда үлкен септігін тигізетінін жеткізді.

Мектеп психологі Алтынғаным Қадырқызы жас мамандармен «Қал қалай?» атты психологиялық тренинг өткізді.  Оқу ісінің меңгерушісі Бауыржан Хасантаевпен болған «Мұғалімдердің өзін-өзі жетілдіру жолдары» тренингте қатысушылар өзін-өзі тану, алдына қойған мақсатқа қалай жету жлдары түсіндірілді. «Өзіңді тереңірек тани біл!» сергіту барысында  өздеріне ұнайтын жеміс-жидектерді таңдау арқылы мінез-құлықтары қандай екенін анықтады.

«Ой түрткі» әдісі бойынша «Сабақты жоспарлағанда қандай қағидаттарға сүйенесіз?», «Сабақта қандай мәселелерге көңіл бөлесіз?» деген сұрақтар беріліп, жауаптары сараланды. Сабақ жоспарын құрар алдында оқу мақсатын анықтап алып, содан соң сәйкесті іс-шара, шәкірттердің оқу деңгейі мәліметі бойынша стратегия құру назарға берілді. етін стратегиялар құрастырды. «Мен – үйде» және «Мен -жұмыста» әдісі арқылы осы жағдайлардағы мінез-құлықтары мен жүріс-тұрыстары таразыланды.

Семинарда қорытындылаған мектеп директоры Меңсұлу Темірханқызы жаңа формациядағы мұғалім білімнің өзіндік құндылығын түсінетін, жаңалыққа жақын жүретін, кәсіби дағдылары дамыған педагогикалық дарын иесі болуы қажет екенін айтып, алғысын білдірді.

 

Бауыржан АМАНГЕЛДІҰЛЫ,

Сүйіндік ауылы

 

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT