СИЫРЛАРҒА ПИРОПЛАЗМОЗ ЖҰҒЫПТЫ...

(0 Votes)

Түнеугүні өзіме қажетті дәрі-дәрмек алмаққа дәріханаға кірдім. Абыр-дабыр жүрген бір адам. Бұрын-соңды мұндайды көрмеген мен қасымда кезекте тұрған апайдан мән жайды сұрадым. Сөйтсе, қорадағы сиырына ауру жұғыпты..

Апайдың айтуынша, төрт түлігі берген жем-шөпті жемей, су іше берген. Кейін қызуы 42 градусқа дейін жетіпті. Оған қоса әлсіреп, желінін көтермей жатумен болған. Сол үшін малының дерті үшін дәрі сатып алуға келіпті. Ветеринардың тағайындауымен неозидин, хинотрип сынды препараттармен егіп жатқан көрінеді.

Өткен жолы жылқыларды қырған аурудың белгілері де осылай басталғанын жазған едік. Соны нақтыламаққа аудандық ветеринарлық станция бөлімінің басшысы Асланбек Бірғалиевке хабарластық. Ол жағдаймен таныс екенін, бұл ауру сиырдың қанына кенелердің шағуы арқылы енетін пироплазмоз ауруы екенін мәлімдеді. Пироплазмозбен ауыратын малдар жылда жиі тіркеледі. Бұл жаппай емес, әр қорада 2-3 сиырда кездеседі. Кесел емдесе жазылады, селқостық танытса өлтіреді. Десе де, бүгінге дейін мал шығыны тіркелмеді. Адамдар өздері емдеп алып жатыр, дейді Асланбек Бірғалиев. Сонымен қатар, ауру белгілерін, жануарларда қан тамырының шырышты қабаты алдымен ақшыл, бара-бара сарғыштық пайда болады. Ірі қара малдарда жедел қан кетулермен де сипатталатынын түсіндірді. Сол сияқты, олардың іші қатыңқы немесе нәжісі бос келеді. Зәрі алдымен қызғылт түске боялып, содан кейін қою қызылға айналады. Ірі қара малдың пироплазмозының созылмалы түрі іс жүзінде байқалмайды, дегенмен күшті және бұрын ауырған жануарлар иммунитетті қалыптастыра алады. Сиыр пироплазмозы адамға жұғуы мүмкін, бірақ өте сирек кездеседі. Мұның бәрі аурудың әртүрлі қоздырғыштарына байланысты. Алайда, малды аталған дертпен емдеген сәттен бастап сүтті пайдалануды шектеу керек, өйткені, дәрі-дәрмектер адам денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Жануар сауықтырылғаннан кейін ғана рационға сүт, қаймақ, сүзбе қосылуы мүмкін.

Жайдарлым ҚАЙРЕДЕН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT