Шырайлы көктемнің шұғылалы мерекесі

(0 Votes)

Көктемнің соңғы айында келетін мерейлі мерекенің бірі 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні.

Бұл елімізді мекен барша ұлттарды бір шаңырақтың астына топтастырып, бірлігі мен ынтымақтастығын арттыратын, олардың арасындағы өзара сенім мен құрметті нығайта түсетін ерекше мейрам. Бүгінгідей тұрақсыз заманда бірлік пен тыныштыққа жететін баға жоқ. Сондықтан оны барша қазақстандықтар жыл сайын салтанатты түрде атап өтеді.

Мерекеге орай аудан орталығындағы Демалыс алаңында ұйымдастырылған «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» атты шара «Достық» композициясымен ашылды. Композияцияда әр ұлттың киімін киген оқушылар ұлттық билерді биледі.

Қатысушыларды аудан әкімінің міндетін атқарушы Марат Хасанов құтықтап, бірлігіміз берік болып, еліміз өркендеп, дами берсін деген ізгі тілегін жеткізді.

Шара аудан өнерпаздары мен мектеп оқушылары қатысқан концерттік бағдарламаға ұласты. Әсем әуен мамыр аспанын тербеген бағдарламада Ермек Айсын, Серік Бақдәулет, Гүлзада Кенжешова, Майра Ахмедчеева, Эльмира Құрманғалиева, Толыбай Қажыгереев, Ерасыл Самиғоллаев, Жанболат Кенжеғалиев өнер көрсетіп тамаша әндер, «Илигай», «Гауһартас», «Шабыт», «Шұғыла», «Назбике» және Әуезов, Бегалиев жалпы орта мектебінің жанындағы би топтары, «Болашақ» вокалды тобы испан, грузин, өзбек, қазақ, үнді билерін көрерменге тарту етті.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT