Санағандар біздер өткен күнді бақ,
Бүгін отыр жүрегіміз шын жылап.
Мың тағзым, дер Тәуелсіздік арқасы,
Шындық шықты сәбидейін шырқырап.
Алдымызды ылғи біздің өңмендер,
Бірдей едік соғыс қаупі төнгенде.
Өз бағасын ала алмады қаншама ер,
Кешіре ме, қан майданда өлгендер.
Сөз айттады қайран жұртым ашынған,
Бұл құпия міне бүгін ашылған.
Әлем шулар кім десе, егер Бауыржан,
Партизан жоқ бәрібір асқан Қасымнан.
Бұл қызғаныш кімдерді көп қинады,
Ұлттарды жіктеуін де тыймады.
Қара құстай төнген фашист үстіне,
Хиуазға да бір жұлдызды қимады.
Қайтарыстық бетін бірге дауылдың,
Ең басында қазақ жүрді ауырдың.
Рахымжан Қошқарбаев ту тіккен,
Рейхстагқа отызында сәуірдің.
Лағнет дейсің, жылайсың да күлесің,
Міне, бүгін жалғандығын білесің.
1-Мамырда Егоров пен Кантария,
Бұл бір іске қосқан екен үлесін.
Шындық бүгін айтып жатыр жеткізіп,
Жетпіс бес жыл алсақ дағы өткізіп.
Күллі дүние батырлығын бағалап,
Бауыржан, Қасым кетті бәрібір шеп бұзып.
Қайттің деме, бұл жайлы бір сөз қозғап,
Оралуда қона алмай кеткен тоз-тоз бақ.
Кетірер ме екен, бағасыз кеткен батырлар,
Уралап алға, Отан деп өлген көп боздақ.
Жетпіс бес жыл, шықты ғой міне шындық-гүл,
Ойына келді, ойыны болды, кім мықты.
Қан кешкендердің рухына қара дақ салу,
Алла да, әлем кешірмейтіндей сұмдық бұл.
Таңатар Дәрелұлы