«Шың» театрының жеңісі

(0 Votes)

23-24 қыркүйек күндері Ақтөбе облысы, Темір ауданында балалар театр ұжымдарының орындаушылық деңгейін арттыруға, қатысушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға арналған “Театрдың ғажайып әлемі” атты батыс аймақтақ театр фестиваль - байқауы өткізілді.

Оның мақсаты – қойылым арқылы балғын көрермендерге ұлттық рухта патриоттық тәрбие беру, балалар драматургиясына қалам тартып жүрген жасөспірімдерге қолдау көрсету, тәжірибе алмасу. Байқау драмалық спектакль, музыкалық спектакль, әдеби-музыкалық композиция, қуыршақ театры  номинациялары бойынша өтті. Оған ауданымыздан Еңбекші жалпы орта мектебі жанынан құрылған “Шың” жасөспірімдер театры қатысып, арнайы жүлдемен және 100 000 мың теңге ақшалай сертификатпен марапатталды. Мектеп директоры Айбек Асғатұлы бастап театр ұжымын қолдауға арнайы барып келді. Балаларды қойылымға дайындаған театр жетекшісі Ернар Қабиевтің еңбегін айрықша атап өткен жөн.

Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеуге баулитын фестиваль балалар театрының жанкүйерлері арасында үлкен сүйіспеншілік пен танымалдылыққа ие. Бұл сахна өнері қатысушылар мен театр жетекшілерінің арасында ұмытылмас әсер қалдырып, балалар жаңа достар тауып, ұжым жетекшілері жаңа идеяны іске асыруды көздейтіні анық.

Айнагүл Күнұзаққызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT