Аудан әкімінің қабылдауына орай жайылған мерекелік дастарханға түрлі салада абыройлы қызмет атқарған ардагерлер мен бүгінгі күні де тынымсыз еңбек етіп жүрген бір топ қыз-келіншектер жиналды.
Басқосуда алғаш сөз алған аудан басшысы Қайрат Нұртаев құттықтау сөзін арнады. Бүгінгі шараға өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып, халық қамын ер азаматтармен қатар жүріп қызмет еткен ардагер апалар қатысып отырғанын тілге тиек етіп, медицина саласының ардагері Нәсіп Жанханованың 80 жасқа толуына орай алғыс хатпен, естелік сыйлықпен марапаттады.
Одан әрі Қайрат Талапұлы дастархан басындағы нәзік жандыларға алқызыл гүлдер сыйлап, сый-құрмет көрсетті. Академик-жазушы Өмірзақ Қажымғалиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Құмарғалиев, аудандық мәслихат хатшысы Болат Жүгінісов мерекелік құттықтауларын жеткізді. Кездесуде жылы лебіздерін білдірген қонақтар Тәуелсіз еліміздің жасампаз табыстарына тоқталып, мерекелік көңіл күй сыйлаған ұйымдастырушыларға зор ризашылықтарын білдірді. Әр ыстық лебіздің арасында аудан өнерпаздары әуезді әндерін тарту етіп, жүздері жарқын аяулы жандар ортада би биледі.
А.Шакупова