№180 сайлау учаскесі Жаңаталап ауылдық округінде орналасқан. 2171 сайлаушысы бар. Округке бірнеше елді мекен, атап айтсақ Жасарал, Шағырлы, Күйген, Племстанса, Алмабақ ауылдары кіреді.
Сол себепті бұл округ ауданымыз бойынша халқының саны жағынан үшінші орында тұр. Кезінде танымал кеңшардың орталығы болған Хиуаз ауылы мен округке қарасты елді мекендердің тұрғындары бұрыннан ұйымшыл, белсенді. Мұнда атақты Зәмзәм Исмағұлов атындағы Халық театры бар. Қазір тұрғындар көптен күткен 300 орындық мәдениет үйі салыну үстінде.
Осы сайлаудан жаңаталаптықтар шеттеп қалмай, әрқайсысының дауысы маңызды екенін ескеріп, өз таңдауларын жасауда. Сайлау комиссиясының төрағасы Болат Құбаевтың айтуынша тұрғындардың қатысы көңілден шығады. Мысалы, қазіргі уақытқа дейін 1467 адам дауыс берген. Бұл барлық сайлаушылардың үштен екісіне жуығы. Енді 704 сайлаушы қалып тұр.Келушілер легі әлі де жалғасуда.
Қанат ҒҰМАРОВ