Халықтық Штабтың мүшелері Кудряшов округіндегі "Асылай" бөбекжай балабақшасының ұжымымен кездесу өткізді.
Жиында атом электр станциясының құрылысы Тәуелсіз Қазақстанның тұрақты дамуы үшін стратегиялық маңызы бар серпінді жоба екенін ерекше атап өтті. Өз кезегінде жиынға қатысушылар АЭС- ның құрылысын Қазақстан дамуына қажеттілігіне тоқталып, Референдум болатын күні сайлау учаскілеріне келіп, өз тандауларын жасауға шақырды.