Өшпес ерлікке – «Мәңгілік тағзым»

(0 Votes)

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Атырау облысы әкімдігі және Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, сондай-ақ, облыстық мемлекеттік архиві КММ, оның аудандық филиалдарының біріккен жұмысының нәтижесінде «Мәңгілік тағзым» кітабы жарық көрді.

Бұған аудандық филиалы қор құжаттары бойынша 346 ардагердің тізімі енген. Аталмыш жинақ өңірімізде дүниеге келген Кеңес Одағының Батырлары, Даңқ орденінің толық иегерлері, Халық Қаһармандары, басқа да жаужүрек жауынгерлердің ерліктері жайлы әңгімелейді.

img_7051

Аудандық архив директоры Берік Каменов қанды қырғында қаймықпай соғысқан қаһармандарға арналған кітапқа сипаттама беріп, оның маңыздылығына ерекше тоқталды. Қор құжаттарын толықтыру жұмыстары одан әрі жалғасатынын қаперледі. Жинақты оған енген ардагерлер Хамит Жаудин, Мария Жаудинаның ұлы Талғат Жаудин мен Махым Шамханов, Валентина Шамханованың келіні Мағрипа Шайхиеваға, аудандық орталық кітапхана мен редакция ұжымына арнайы табыстады. Соғыс майталмандарына сөзбен соғылған ескерткіштің елдің игіліне жарап, ұрпаққа мұра болуын тіледі.

img_7066

Қалың, құнды кітапты қолына ұстағандар халық қайраткерлеріне құрмет көрсеткен, іргелі іске мұрындық болған барша ұйымдастырушыларға алғысын айтты.

 Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT