Шортанбайлықтар межеден шықты

(0 Votes)

Елімізде жыл сайынғы дәстүрлі баспасөзге жазылу науқаны жалғасын тауып келеді. Бұл мәселенің өзектілігі мен саяси маңызы зор.

Себебі, бұл науқан өзіміздің іскерлігімізді танытар, белсенділігімізді көрсетер іргелі істердің бірі. Шортанбай ауылдық округі бойынша 2021 жылдың ІІ жартыжылдығына ауданымыздың сүйікті «Серпер» газетіне округ тұрғындары жазылып, берілген межеден шыққандығымызды хабарлаймын. Жүзеге асырылған ізгі іске белсенді қатысқан округ тұрғындарына, демеушілік жасаған «Сұңқар» ЖШС басшысы Б.Байтемировке, жеке кәсіпкерлер Р.Абдулова, Т.Испусиновке, Шортанбай балық зауытының директоры К.Кужабековке және «Қазпошта» меңгерушісі Г.Саламеденоваға алғысымызды білдіреміз.

Мейіржан Ғұмаров,

Шортанбай ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT