Шортанбайлықтар болжамды бірінші аяқтады

(0 Votes)

"Серпер" газетіне 2022 жылдың екінші жартыжылдығына жазылу науқаны қазіргі уақытта нағыз қызған шағына жетті. Әдеттегіше әр округке жазылу болжамын белгілеп, орындалысы туралы хабардар болып отырамыз.

Округ әкімдері тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, саяси мәні бар шараға тиісінше мән беруге шақырып келеді.Қазірдің өзінде белгіленген болжамды едәуір еңсеріп қалғандардың қатары көп. Түс әлетінде ғана редакциямызға хабарласқан Шортанбай ауылдық округінің әкімі Мейіржан Ғұмаров 190 дана «Серперге» жазылу болжамын асыра орындағанын қуана жеткізді. Жазылу әлі жалғасып жатқанын қоса айтты. Қалған әкімдер қайтер екен, Мейіржан Жұмақайұлынан үлгі алса екен дейміз ғой баяғы.

Редакция

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT