Елімізде жыл сайынғы дәстүрлі баспасөзге жазылу науқаны жалғасып келеді. Бұл мәселенің өзектілігімен бірге саяси маңызы зор.
Себебі, бұл науқан өзіміздің іскерлігімізді танытар, белсенділігімізді көрсетер іргелі істердің бірі болып табылады. Шортанбай ауылдық округі бойынша 2022 жылдың І жартыжылдығына ауданымыздың сүйікті «Серпер» газетіне округ тұрғындары жазылып, берілген тапсырма орындалып, межеден шыққандығымызды қаперіңізге береді. Жүзеге асырылған ізгі істі белсенді қатысқан мекеме басшыларына, округ тұрғындарына, демеу болған жеке кәсіпкерлерге атап кетсек Р.Абдуловаға, Т.Испусиновке, «Қазпошта» меңгерушісі Г.Саламеденоваға алғысымызды білдіреміз.
Алға қарай баспасөзге жазылу науқаны аяқталғанына дейін аудандық, облыстық және республикалық басылымдарына жазылу барысы жалғасын табатын болады деп сендіреді.
М.Гумаров, Шортанбай ауылдық округінің әкімі