Биылғы көктемгі су тасқыны көптеген өңірлерді біраз әбігерге салып тұр. Бұл жағдай тоғыз судың торабында орналасқан ауданымызды да айналып өтпесі анық.
Аудан басшылығы жағдайды ескеріп, Ресейден келетін өр суының өтінде тұрған ауылдардың қорғаныс бөгетін бекіту бағытында жұмыстарды ерте бастап кеткені белгілі. Шортанбай, Көптоғай, Дыңғызыл ауылдық округтері бойынша бұл құрылыс жұмыстарына "Толағай-2050" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мердігер мекеме болып танылды. Шортанбай ауылдық округінің әкімі Мейіржан Ғұмаровпен сөйлескенімізде қазіргі уақытта мердігер мекеменің "Камаз " автокөлігі, мультиавтокран мен тиегіш үш техника және округтің меншігіндегі тіркемелі трактор жаға бекіту жұмыстарына тартылған.
Оның мәлімдеуінше, округте жағдай қалыпты, жоғары жақтан судың жіберілуі бойынша күнделікті ақпар алып отырылады.