Округ әкімі Мейіржан Ғұмаровтың өзі халықпен бірге жұмыс жасап жүр.
– Шортанбай ауылдық округі бойынша 3 мың шақырым бөгет бар. Соның қауіптісі 1500 шақырымы. Барлық күш осында жұмылдырылды. Қазіргі таңда ауыл тұрғындары болып бөгет бекіту жұмыстары жүргізілуде. 50 келілік және 1 тонналық 900 қапқа топырақтар салынып, жағаға төселуде. 1 «Шахман» автокөлігі, 1 тиегіш трактор, бір көтергіш краны бар көлік (манипулятор) осы жұмыстарға тартылды. Ауыл тұрғындары ұйымдасып, белсене кірісіп жатыр. Округтегі мекеме басшылары мен тұрғындар қаппен және қол күшімен көмектесуде. Техникалар жеткілікті, – дейді ауылдық округ әкімі Мейіржан Ғұмаров.