Аудан әкімінің орынбасары Болатбек Сисатов, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Марат Хасановпен бiрге Шортанбай ауылдық округінде болып, Шортанбай ауылдық мәдениет үйінің ғимаратына жүргiзiлiп жатырған күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.
Өткен жылы желтоқсанда жеңiмпаз анықталып, бұл жұмыс басталған болатын. Қазiргi күнi ғимараттың шатыры мен сахнасы жөнделуде. Мердігер мекеме "Құрылыс Тайм Контракт" ЖШС. Аудан әкімінің орынбасары Болатбек Серiкұлы мердігер мекеме өкiлiмен әңгімелесіп, қандай көмек керегiн сұрады. Серiктестiк өкілі материалдардың уақытылы жеткiзiлiп отырғанын айтты. Осы қарқынмен жұмыс жасап, жөндеуді белгіленген мерзімде аяқтауды жоспарлап отырғандарын жеткiздi. Көптоғай ауылдық округінде электр желілерін қайта жаңғырту үшін жобалық-сметалық құжаттарын жасақтау жұмыстары жүруде. Мұнымен мердігер "САЛА" ЖШС айналысуда.
Аудан әкімінің орынбасары Болатбек Серiкұлымен әңгімесінде мердігер мекеме өкiлi жаңа бағандар салынып, кабелдер тартылатынын, қосымша жарық шамдары орнатылатынын, жоба жасағанда жер бедері ескерiлетiнiн қаперге берді.