Шортанбайда қауіпті жер 1200 метрді құрайды

(0 Votes)

Қиғаш бойында өр суы біраз жерге жайылыпты.

Өзен арнасының бойындағы бөгеттердің астын шайып кету қаупі барын байқадық. Аудан әкімінің орынбасары Ж.Бектеміров те бұған алаңдаушылық танытып, қазір күніне 13500 текше метр су келуде екенін, бұл бұрынғыдан 3-4 есе көптігін айтып, қорғаныс шараларын күшейту қажеттігін алға тартты. Шортанбай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Сандуғаш Сейтекованың айтуынша мұнда қауіпті жер 1200 метрді құрайды. Дәл сол жерде біреу бөгеттің үстін қорасымен бітеп, көлік жүретін жер қалдырмапты.

img_1310

img_1315

Әңгіме барысында округ әкімінің міндетін атқарушы С.Сейтекова өздеріне трактормен көмек болса артық етпейтінін қаперге берді. Бөгетті қалай бекітуге болатыны жөнінде аудан әкімінің орынбасарлары Ж.Бектеміров пен Ж.Хасанов өз ұсыныстарын ортаға салды. Аудан әкімі Қ.Нұртаев жауапты адамдарға қаптарды бірінші кезекте осындай қауіпті жерлерге беріп, қолда бар техникаларды жұмылдыруды тапсырды.

Қ.Ғұмаров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT