Шортанбай ауылында шекарашылар №187 учаскеге келіп, өз таңдауларын жасады.
Ағайынды Зайнекешовтер бұған дейін өткен сайлаулардан да қапы қалмай, белсенділікпен атсалысып жүргендерін жасырмады. «Бүгін еліміздің әрбір азаматы үшін маңызды таңдау жасайтын күн.
Қазақстанда алғаш АЭС салынады дегенді естіген бойда қуанғанымыз рас. Өйткені, дамыған елдермен терезе теңестірсек, болашақта энергия тапшылығынан зардап шекпейтініміз анық. Бұған қуанбасқа болмайды. Сондықтан барша қазақстандықтарды бүгінгі маңызды саяси науқаннан қалыс қалмауға шақырамыз. Елдің болашағы – өзіміздің ғана қолымызда екенін ұмытпайық!» дейді олар. Әділет АМАНГЕЛДІ