2024 жылдың 25 мамыр күні Шортанбай жалпы орта мектебінде бітіруші түлектер үшін "Мектебім, саған мың алғыс!" тақырыбында соңғы қоңырау салтанатты шарасы өтті.
Құттықтау сөз мектеп директоры Зинуллина Светлана Амангелдіқызына беріліп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отырған 11-сынып оқушыларына алдағы өмірлеріне сәт сапар тіледі. Сонымен қатар, оқу жылы ішінде облыстық, республикалық дәрежеде оқушыларды дайындаған пән мұғалімдер Әділбек Бижанов, Эльмира Шонанова, Роман Кузембаев, Гүлнар Байшова, Гүлбарша Бижанова, Асиля Иманғалиева, Гүлфайруз Боранбаева, Назгүл Бижанова, Светлана Сапарғалиеваға "Алғыс хат" және ардагер-ұстаз Құрманбаева Жамиға Сағипқызына ҚР Оқу-Ағарту министрінің "Алғыс хатын" табыс етті.
Келесі құттықтау сөз кезегі Шортанбай ауылдық әкімі аппаратының бас маманы Қайырболатов Темірбек Қайырболатұлына, ардагер - ұстаз Аташева Шолпан Дәуітқызына, сынып жетекшілері Құралай Шапхатқызы мен Назгүл Нариманқызына беріліп, мектеп ұжымын оқу жылының аяқталуымен және мектеп түлектерін соңғы қоңырау мерекесімен құттықтай отырып, ақжарма тілектерін арнады. Соңғы қоңырау салтанатына бітіруші түлектердің ата-аналары мен мектеп ұжымы қатысты. Орыс сыныбынан 5 оқушы, қазақ сыныбынан 12 оқушы 11-сыныпты бітіргелі отыр.
Шара соңында Шортанбай ауылдық учаскелік полиция инспекторы Елеусінов Амангелді Асанұлы бітіруші түлектер мен ата-аналарына қауіпсіздік шараларымен таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.